22 Сәуір, 2014

Болашағы бар!

360 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Айгерим Ташенова, юный бенефициар ПОДП, Акмолинская область Айганым Хадыс, с. Ульги, Акмолинская обл., благополучатель ПОДП Қазақстан отбасыларының болашағы – бұл Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасының (КАЖБ) жүзеге асырылуына себеп болған басты негіз. Әлеуметтік қамсыздандыру бағытындағы бұл инновациялық механизм әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың өмірін олардың денсаулығына, білімі мен әлеуметтік қорғалуына инвестиция жасау арқылы жақсартып келеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Бағдарлама мұқтаж жандарға жәрдемақы төлеп, қажетті ақпарат беретін тренингтер өткізеді. КАЖ бағдарламасынан Қазақ­станның орташа деңгейдегі алты облысынан – Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарынан тіркелген 470 мыңға жуық адам көмек алды деуге болады. Бұл көрсеткіш аталған аймақтардағы барлық тұрғындардың 10%-нан да аз. Әйткенмен, біз қазірдің өзінде-ақ КАЖ бағдарламасы аясында мектепалды дайындықтан өткен бүлдіршіндердің болашағына сенім артыларына көз жеткізе аламыз. Біз өздерінің және өз балаларының денсаулығы үшін дұрыс таңдау жасаған аналар мен сәбилердің келешегін де елестете аламыз. Сонымен қатар, болашақ кәсіби және өмірлік машықтарын дамыту мақсатында алты ай уақытын оқуға бөлген жастардың да болашағы бар екеніне күмәнсіз қараймыз. Өз балаларына үй жағдайында күтім жасау жайында және балаларын қоғамға табысты бейімдеу жайында көбірек оқып білген ата-аналардың отбасылары да болашақтың үмітін үкілеп отыр деп білеміз. Сондай-ақ, елдің түрлі аудандары мен ауылдарында аталған отбасылармен жұмыс жасаған 3000-нан астам еріктінің қолында да келешектің кілті тұрғаны белгілі. Еріктілер өз ауылдастарын дайындап, содан соң олардың үйлерін аралап, ауылдастарына қолдау көрсетуге талай уақытын бөлді және өздерінің машықтарын жетілдіріп, жергілікті қауым­дастық тұрғындары арасында көмектері әрдайым қажет бола­тындығына және оның жалға­сатындығына сенімдерін арттырды. Олардың басым бөлігі бүгінгі таңда мемлекеттің әлеуметтік бағдарламасына тартылуда. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында Ақмола және Жамбыл облыстарында 2014 жылы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға келісілген ақшалай көмек көрсетілетін «Өрлеу» бағдарламасы алғаш рет жүзеге асырылуда. Бұл мемлекеттік жо­баның негізіне «БОТА» қорының Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасының инновациялық тәсілдері енді. Мұндағы мақсат – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына білім беріп, не қайта оқытып, әрі қарай жұмыспен қамту не өз ісін ашуын ұйымдастыру. Сонымен қатар, біздің бо­лашақ, еліміздің алты облысында орналасқан – Қордың екі облыстағы бөлімі мен серіктес болған бес коммерциялық емес ұйымдарының 200-ден астам оқыған, білікті әрі кәсіби мамандарының қолында деп те ойлаймыз, өйткені, олар ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы әлеуметтік қорғау бағдарламасын әр бенефициарға жеткізуді үйренді. Әр маман 100 сағаттан астам уақытын оқуға арнап, өз білімін 70-80 еріктіге жеткізе білді. Ал дайындықтан өткен әр ерікті орташа есеппен ай сайын 20 бенефициармен жұмыс жасаған. Болашақ банк карточкаларын қолданып, ұлттық банк жүйесіне қатысу тәжірибесін алған 94 мың отбасының тәжірибесінде деп те ойлаймыз. Қауіпсіздік және қызметті ашық жүргізу мақсатында қолма-қол ақшамен жұмыс істеуден бас тартқан «БОТА» қорының жәрдемақы алушылары үшін дәл осынша банк карточкалары әзірленген еді. Аз қамтылған отбасылар өз күшімен өздерінің өміріне және балаларының болашағына инвес­тиция жасауды жақсы әдетке айналдыра бастады. КАЖБ жүзеге асқан 4 жылдың ішінде 150 мыңнан астам қатысушы 8 млрд.теңгеден астам жәрдемақы алды. Мектеп жасына дейінгі он мыңдаған бүлдіршін үшін алған білімдері олардың болашағына деген жолдама болып табылады. КАЖ бағдарламасына жүктілік барысында денсаулығына сапалы күтім жасау мақсатында қатысқан аналардың мыңдаған балаларының өмірлері түбегейлі өзгерді. КАЖ бағдарламасының бенефициарлары болып келетін мыңдаған жасөспірім өздерінің өмірлік жолдарын таңдады. Ерекше қажеттіліктері бар мыңдаған балалар қоғам өміріне белсенді қатыса бастады. Жәрдемақылардан бөлек олар білім алды, өмірге жаңа көзқараспен қарай бастады және әрқайсысының бойында жақсы өмір сүруге деген талпыныс пайда болды – мұның өзі жетістік. Келешек еліміздің ертеңі үшін күш-жігерін төккен және әлі де төгуге дайын жүретін КАЖ бағдарламасына қатысқан әрбір азаматтың қолында екені анық. Қазақстан барша азаматтардың ортақ үлесімен ғана гүлденіп, дами бермек. Джо РИТТМАНН, «БОТА» қорының келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасының 2009-2012 жылдардағы директоры.