«Заңнамаға сәйкес, әйелдерге жүктілігі бойынша 12 ай бойы төлем жасау керек, мұның бәрі қалады. Біз қазір мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын ескере отырып, төлем мөлшерін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз», деді министр.
Оның айтуынша, төлем мөлшерінің артуы декреттегі әйелдерге өз жалақысынан үлкен үлес алуға мүмкіндік береді.