Қазақстан • 07 Маусым, 2022

Қазақстан-Қытай арасындағы әуе қатынасы қалыпқа келді

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен кездесуден кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Қытай арасындағы әуе қатынасы қалыпқа келді

«Коронавирус пандемиясы әлемдік аренаға кері әсерін тигізді. Қазір біз бұл пандемияны өзара ынтымақтастық пен қолдау арқылы еңсерудеміз. Осы жұмыстың дәлелі ретінде биыл бірінші маусымнан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілгенін атап өткім келеді», деді Мұхтар Тілеуберді.

Айта кетсек, Қытай мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қытай сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға келген еді. Сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

 Салтанат Кенжебай