Спорт • 07 Маусым, 2022

Қазақстандық спортшы елге Еуропа кубогымен оралды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшы Александр Тен Польшада өткен триатлоннан Еуропа кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы елге Еуропа кубогымен оралды

Бұл күндері Польшаның Жешув қаласында триатлоннан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті.

Жарысқа әлемнің 10 елінен 45 спортшы қатысты.

Олардың арасында біздің үш атлет Александр Тен, Егор Крупяков пен Данил Породнов бар.

Мәреге 00:59:51 уақытын көрсетіп, бірінші болып қазақстандық Александр Тен жетті.

Егор Крупяков 01:02:05 уақытымен 14-орынға, ал 01:02:26 уақытын көрсеткен Данил Породнов 16 орынға ие болды.