Референдум • 08 Маусым, 2022

Бұл – барша қазақстандықтың жеңісі

533 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша республикалық референдумның қорытындысына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Бұл – барша қазақстандықтың жеңісі

«Халық партиясы бірден қоғамдағы идеялық күреске қосылып, референдумды қолдау үшін ауқымды үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Біз нәтижеге ризамыз және бұл – барлық қазақстандықтың жеңісі деп санаймыз. Қазақстандықтар іс жүзінде Президент Қ.Тоқаевқа зор сенім білдірді. Жаңа, Әді­летті Қазақстанның берік конс­титуциялық іргетасы қаланды деп айтуға болады», деді партия төрағасы сөз басында.

«Қазақстан Халық партиясы жер мен табиғи ресурстар­дың меншік иесі мемлекет емес, халық болуы керек деген бас­тамасын ресми түрде жария­лап, Конституцияға енгізіле­тін түзету­лер­ді әзірлеу жөнін­дегі жұмыс тобына жолдады. Халық партиясының түзетуі қабылданды. Бұл түзетудің әлеу­меттік әділеттілікті қал­пына келтіру үшін ма­ңызы зор. Референдумнан кейін қазақ­стандықтардың алдында тұрған басты міндет – Конс­ти­туцияның қабылданған нор­масын заңнамалық және тәжірибелік тұрғыда іске асыру», деп атап өткен ол халықтық партия барлық мемлекеттік компанияны, бірінші кезекте «Самұрық-Қазына» қорын шенеуніктердің қолынан тікелей және дереу халықтың меншігі­не беру қажет деп санайты­­­нын атап өтті. Өйткені «Үкімет мемлекеттік активтерді тиім­­ді басқара алмайды. «Самұрық-Қазына» қорының дивиденд төлегеннен бюджеттен ақша алғаны әлдеқайда көп. Біз, Қазақ­стан Халық партиясы «Жер және жер қойнауы халыққа тиесілі», деген конституциялық норманы іске асыру жөніндегі халық заңын жария түрде әзір­леудің басталғанын мәлім­дейміз. Біз бұл бастамаға бей­жай қарамай­тын азаматтар­ды, әсіресе заңгерлерді, эконо­­мис­терді, қаржыгерлерді заң­ның жа­зылуына атсалысуға үн­дейміз. Біз Amanat, «Ақ жол» партияларын, сон­дай-ақ парла­мент­тік емес, оның ішін­де әлі тір­­келмеген партияларды да ха­лық­тық заңды әзірлеу жөнін­дегі бірлескен жұмысқа қатысуға шақырамыз. Нәтижелі жұмыс­тың қорытындысында әрбір қазақ­стан­дық халық меншігінен тікелей кіріс, атап айтқанда, мемлекеттік компания­лар­дан ди­виденд алады деп санаймыз. Заң әділетсіз жекешелендіру­дің нәти­же­лерін қайта қарау ме­ханизмін және мұн­дай ак­тивтерді олигархтардың қолы­нан ха­лықтың меншігі­не қайтаруды қарас­тыруға тиіс», деген Е.Ертісбаев өзге партиял­арды жұмыла жұмыс атқаруға шақырды.

Сонымен қатар ол: «Конс­титуцияға енгізілген өзгеріс­терге байланысты және жаңа заң әзірленгенге дейін біз Үкіметтен мемлекеттік компанияларды жекешелен­діру­ді тоқтатуды талап ете­міз. Биыл және алдағы жылдары «ҚазМұнайГаз», Air Astana, QazaqGaz және т.б. қоса алғанда «Самұрық-Қазына» қоры шамамен 40 кәсіпорынды жекешелендіруге шығаруды жос­­парлап отыр. Қазіргі жағ­дайда олар арзан бағамен сатылады. Бұл халықты шығынға ұшыратады. Халықтың активі қайтадан олигархтарға оралмауы керек. Бұған қоса жыл соңына дейін шетелге заңсыз әкетілген, халықтың меншігі болуға тиіс қаражатты елге қайтару қажет. Бұл шамамен 140 млрд АҚШ доллары», деп мәлімдеді. Сөз соңында «Әрбір қазақ­стандық еліміздің байлығынан пайда табуы үшін Әділетті Қазақстанды бір­ге құрып, халық меншігін бірлесіп басқарайық», деді партия төрағасы.