Қаржы • 08 Маусым, 2022

Алматы облысында 34 миллион теңгенің баж салығы бюджетке түспеген

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі төлқұжаттар мен куәліктер беру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу саласында бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында 34 миллион теңгенің баж салығы бюджетке түспеген

Алматы облысының екі ауданында 2019-2021 жылдар аралығында бюджетке 34,1 млн теңге сомасында мемлекеттік баж түспеген. Аталған фактіні салық қызметі органдарының тексеру актілері растап отыр.

«Анықталған фактілер көші-қон қызметі қызметкерлерінің «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алу кезінде өзге де тұлғалармен сыбайлас жемқорлық схемалары мен алаяқтық әрекеттерінің бар екенін көрсетеді», делінген облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің хабарламасында.