Әлем • 08 Маусым, 2022

Нигерияда содырлар 20 адамды ұрлап кетті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерияның Замфара штатындағы ауылдың 20 адамын содырлар ұрлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нигерияда содырлар 20 адамды ұрлап кетті

Олардың арасында балалар да бар. 

Замфара провинциясының баспасөз хатшысы Абу-Белло Фурфури жергілікті БАҚ-қа берген мәлімдемесінде белгісіз біреулер Кадуна штатындағы Бунгуду ауылына шабуыл жасағанын айтты. Басқа зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

Фурфури ұрланғандарды іздеу-құтқару операциясы басталғанын айтты.

Айта кетсек, 8 мамырда содырлар Замфара провинциясында 48 адамды өлтіріп кеткен.