22 Сәуір, 2014

«Аңыз адам» ақиқатында «аңызға» айналып тұр

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-14-Aniz-adam-Gitler

АЛМАТЫ. 22 сәуір. Кеше Алматыдағы 28 панфиловшылар атындағы саябақта Ұлы Отан және ауған соғыстарының ардагерлері жиналып, «Аңыз адам» журналының сәуірдегі нөмірін өртеді. Журналдың бұл саны Адольф Гитлердің бейнесін сомдаған екен. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады. «Аңыз адамға» наразылық білдіргендің бірі – Ауғанстан соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров жиналғандар алдында: «Журналда жарияланған мақала авторы фашистік Германияның миллиондардың өмірін қиған, жазықсыз жандарды лагерлерде азаптап өлтірген қанқұйлы әрекеттерін ақтағысы келген. Бұл - екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған кеңестік жауынгерлерді, солардың ішіндегі қазақстандық боздақтарды қорлау. Мұндай бұра тартқан материалдың Жеңіс күні қарсаңында жариялануы -ардагерлерімізді сыйламаудың белгісі. Егер Гитлерді жақтап жазған автор жазаланбаса, онда қарттарымыз қатты өкпелейді», – деді. Ал генерал Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамова: «Журналдың редакторы Жарылқап Қалыбайды заңдық тұрғыда жауапқа тарқан жөн. Біз Гитлердің қылмысын ақтағысы келген мақалалардың басылғанына қатты ызамыз келді. «Аңыз адамды» жабу керек», – деп өз ренішін білдірді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Экспресс К». Фото: express-k.kz.