22 Сәуір, 2014

Оңтүстік Кореяда паромда қаза болғандар саны 100-ден асты

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 04 - Koreya parom

АСТАНА. 22 сәуір.Оңтүстік Кореяда «Севоль» паромының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандар саны 104 адамға жетті. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Оқиға орнында жүргізіліп жатқан іздеу-құтқару жұмыстары барысында тағы 45 адамның денесі табылған. Дүйсенбі күні апат орнына құтқарушылардың арнайы жасағы келіп жетті. Олар түн батқанда және судың қатты ағынында да жұмыстарын тоқтатпайды екен. Сондай-ақ құтқарушылар судың үш мың метрлік тереңдігіне дейін сүңгіп бара алады. «Севоль» паромының апатқа ұшырауына байланысты тергеу амалдары барысында 44 адамға тұрғылықты жерінен ешқайда кетпеу талап етілді. Олардың қатарында паром иесі де бар. Полиция қызметкерлері құтқарылған кеме жолаушыларының әлеуметтік желілерге жазған мәлімдемелеріне сүйене отырып, осындай шешім қабылдаған. Тергеу амалдары барысында жалпы жеті адам тұтқындалды. Олардың арасында жолаушыларды құтқару үшін тиісті шаралар қабылдаудың орнына, апатқа ұшыраған кемеден алғашқылардың бірі болып қашқан кеме капитаны Ли Чжун Сок бар. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, «Сэволь» паромы 16 сәуірде Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауындағы Пёнпхундо аралынан 20 шақырым жерде апатқа ұшырады. Инчхон портынан Чеджудо аралына қарай бағыт алған кеме бортында 475 адам болған. Әзірге 198 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында қалып отыр. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Lenta.ru. Фото: Reuters.com.
Соңғы жаңалықтар