Спорт • 09 Маусым, 2022

Маррей – қиын қарсылас

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Штутгарт қаласында теннистен АТР турнирінің шымылдығы түрілді. Бұл жарыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те күш сынасып жатыр.

Маррей – қиын қарсылас

Тұсаукесер кездесуін жерлесіміз Денис Кудлаға қарсы өткізді. Украинада туып-өсіп, кейіннен АҚШ-қа қоныс аударған 29 жастағы ойыншы бұл күндері әлемдік рейтингте 77-орында. Өте шиеленісті өткен бұл бәсеке 7:6, 7:5 есебімен Бубликтің пайдасына шешілді. Енді екінші кезеңде қазақстандық теннисшіні өте ауыр сынақ күтіп тұр. Ол ұлыбританиялық Энди Марреймен күш сынасады. 35 жастағы Тұманды Альбион елінің өкілі кезінде Аустралияның ашық біріншілігін – бес, Уимблдонды – екі және АҚШ-тың ашық біріншілігін бір рет ұтып, әлемнің бірінші ракеткасы атанған. Одан бөлек Маррей АТР додаларында 46 мәрте жеңіс тойын тойлады. Қазіргі кезде үздіктер тізімінде 68-орында тұрған ол алғашқы айналымда аустралиялық Кристофер О’Коннелді 6:4, 6:3 есебімен қапы қалдырды.

Ал Нидерландтың Хертогенбос қаласын­дағы WTA турнирін Елена Рыбакина сәтті бастады. Ол екі сеттік сайыста америкалық Джейми Лобтан айласын асырды. Есеп – 6:4, 7:5. Екінші кезеңде отандасымыз АҚШ-тың тағы бір өкілі Шелби Роджерспен шеберлік байқасады.