Спорт • 09 Маусым, 2022

Алда – жауапты ойындар

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың Нахонпатом қаласында волейболдан қыздар арасында (U-18) өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көр­сетуде.

Алда – жауапты ойындар

Алғашқы күні жерлестеріміздің жолы болмады. Қытай Тайбэйімен кездесуде бірінші сетті өз пайдасына шешкен олар қал­ған үшеуінде есе жіберді – 25:21, 21:25, 19:25, 18:25. Келесі ойынды Филиппинмен өткізді. Бұл бәсекеде басымдық біздің қыздар жа­ғында болды – 26:24, 25:19, 25:15. Одан кейін Үндістанмен шеберлік байқасты. Үнділіктер біздің волейболшыларымызға лайықты қарсылық көрсете алмады – 20:25, 25:20, 25:11, 25:14. Алдағы күндері қазақстандықтарды екі бірдей аса ауыр кездесу күтіп тұр. Атап айтсақ, бүгін Жапониямен, ал ертең Қытаймен күш сынасады. Егер жер­лестеріміз осы кезде­сулердің бірінде же­ңіске жетсе, жүлделі орындар үшін таласу мүмкіндігін сақтап қалады.

Келесі топта Иран, Аустралия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Өзбекстан құрамалары өзара тар­тысқа түсуде. Осы командалар арасынан әзірге алаң иелері мен Парсы елі өкілдерінің қар­қыны күшті.