«Екібастұзда мектеп өртеніп кетті. Өрт бірінші қабаттағы кабинеттердің бірінде басталды. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде жиһаз, есіктер мен құрылыс материалдары жанып кетті», деп хабарлады КТК арнасы.
Төтенше жағдайдың салдары әлдеқайда қайғылы болуы мүмкін еді. Бірақ өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуын болдырмай, отты жарты сағат ішінде ауыздықтады.
Айта кетсек, Павлодар облысында бірнеше айдың ішінде үш мектеп өртенді.