Футболдың өзі де, футбол төңірегіндегі зорлық-зомбылық та Британиядан басталады. 1960 жылдардың ортасындағы ағылшын алаңында әрбір екінші матч айғай-шумен аяқталатын.
Еурокубок турниріндегі сәтті ойыннан кейін, бір-бірден жиналған британиялықтар өз жерлестерінің ойынына куә болуға жиналды. Қырғынмен аяқталған бұл ойын тарихта «Хиллсборо» қырғыны" деген атпен қалды. Осы оқиғадан соң футбол жанкүйерлері біраз уақытқа дейін стадионға баруға бата алмай жүрді.
Бірақ кейінірек жағдай өзгеріп, футбол фанатизмінің бөлек бір "мәдениеті" қалыптасты. Стадионда емес, аулаққа кетіп төбелесуді, жекпе-жекпен қатар, 4 х 4, 8 х 8, 10 х 10 деп адам санын шектеп отыру футбол фанаттары төбелесінің жазылмас заңына айналды.
Ресейде бұл мәдениет тәуелсіздік алған соң пайда болды. Футбол фанаттары негізінен үш топқа: кузьма, ультрас және хулиганс деген үш топқа бөлінеді.
Кузьма - жәй футбол қараушылар. Ойынды стадионға барған күннің өзінде салқынқанды қарап, кейіннен достарымен талқылайды. Ультрас - стадионда футболды, жанкүйерлікті шоуға айналдыратындар. Олардың өз командасына рух беретін ұрансөздері, өз клубтарының белгілері бар түрлі киім жиынтықтары, стадионға алып шығатын плакаттары болады. Үшінші топ - хулиганс. Бұл топқа футбол қызық емес. Олардың негізгі көздейтіні - қарсылас команданың хулиганстарын төбелесте жеңу. Осы соңғы 2 топ кейде бірігіп хультрас тобын құрады. Бұл топ тек қана стадионда шоу көрсетпей, кейіннен ойын аяқталған соң қарсылас командамен төбелеске барады.
Бізде Қазақстанда да бар бұл мәдениет. Бірақ, барлық командаларда емес. "Ақтөбе", "Астана" т.б. үлкен командалардың тұрақты фанаттарынан құралған топтарда әр ойын сайын осындай жағдайлар орын алып тұрады.
Ал төмендегі фотоларда "Ақтөбе" және "Шахтер" командаларының ультрас-фанаттары бейнеленген.
Данияр Алан.