Саясат • 09 Маусым, 2022

Қазақстаннан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен  бастап елімізден ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды

Бұл шара отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және ағаш өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында енгізілді.

Шектеу 2022 жылғы 8 маусымда күшіне енген «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 322 бұйрығымен енгізілген.

Аталған бұйрық алты ай қолданыста болады.   

Бұған дейін қолданыста болған «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 611 бұйрығымен ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу 2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 7 маусымды қоса алғанда қолданылған еді.