22 Сәуір, 2014

Ақтөбеде таксиші әйелді жәбірлеген екеу ұсталды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-14-Taxi-Aiel01

АҚТӨБЕ. 22 сәуір. Ақтөбе облысы,  Хромтау қаласында 16 және 17 жастағы  екі бозбала көлігімен адам тасып, нәпақасын айырып жүрген әйелді ұрып-соғып, әлімжеттікпен астындағы «ВАЗ» маркалы машинасын тартып алып кеткен. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Облыстық ішкі істер департаменті таратқан дерекке қарағанда, жапа шеккен 30 жастағы әйел Хромтаудағы «Уют» қонақ үйі маңынан табылған. Жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем-домын алған жүргізуші келіншек есін жиған соң өзіне шабуыл жасаған күдіктілердің түр-түсін полицейлерге айнытпай айтып берді.  Іле әлгі жас жігіттер тәртіп сақшыларының қолына түсті. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ардагер Уайдиннің айтуынша, 16 және 17 жастағы екі жігіт уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалуда. Ал әйелдің көлігі қала сыртынан табылған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: Idrive.kz.