Әлем • 09 Маусым, 2022

Маймыл шешегіне қарсы екпе алудың қажеті жоқ - ДДҰ

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Африкадан тыс жерде маймыл шешегінің мыңнан астам жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап.

Маймыл шешегіне қарсы екпе алудың қажеті жоқ - ДДҰ

«Талдау жұмыстары көрсеткендей, індетті көбінесе ер адамдар жұқтырған. Дегенмен, кейбір елдерде вирус әйелдерден де анықталды», деді ДДҰ бас директоры.

Эндемиялық емес елдерде маймыл шешегінің таралу қаупі жоғары. ДДҰ вирус қоғамның осал топтарына, соның ішінде балалар мен жүкті әйелдерге тез таралып, үлкен қауіп төндіретініне алаңдаулы.

Маймыл шешегіне қарсы қарсы препараттар мен вакциналар әзірленіп жатыр. Алайда олардың қоры өте шектеулі. 

ДДҰ маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцинацияны ұсынбайды. Вакциналар дәрігерлер мен зертхана қызметкерлерін қорғау үшін қолданылады.