Әлем • 09 Маусым, 2022

Қытайда толассыз жауған жаңбырдан 25 адам көз жұмды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстігіндегі толассыз жауған жаңбырдан 25 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда толассыз жауған жаңбырдан 25 адам көз жұмды

Соңғы апталарда қатты жауған жаңбыр салдарынан Қытайдың оңтүстігіндегі үйлер мен жолдар зақымдалды.

«Хунань провинциясында осы айда 10 адам қаза тауып, үш адам із-түзсіз жоғалып кетті.  286 мың адам эвакуацияланды. Барлығы 1,79 миллион адам зардап шекті», деп хабарлады шенеуніктер баспасөз мәслихатында.

Белгілі болғандай, 2700-ден астам үй қирап, 96 160 гектар егін алқабы зақымданған. Қытайдың күріш өндіретін негізгі орталығы үлкен шығынға ұшыраған.

Өткен айдың соңында су тасқыны мен көшкіннің салдарынан жағалаудағы Фуцзянь провинциясында сегіз адам, оңтүстік-батыс Юньнань провинциясында бес адам және Гуанси провинциясында екі баланы су тасқыны алып кеткен.

Қытай билігі өткен жазда орталық Хэнань провинциясында жаңбыр салдарынан болған жойқын су тасқынынан 398 адам қаза тапқаннан кейін, биылғы су тасқыны маусымына дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр.

 

Гүлдана Елубай