Әлем • 09 Маусым, 2022

Бензинмен жүретін автокөліктерге тыйым салынуы мүмкін

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық парламент мүшелері 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқыштары бар жаңа автомобильдерді сатуға тыйым салуды қолдап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz CNN басылымына сілтеме жасап.

Бензинмен жүретін автокөліктерге тыйым салынуы мүмкін

Аталған мәселе Еуропалық кеңесте талқыланып, заң ретінде қабылдануы керек. Бұл заң мақұлданса, гибридті автомобильдердің сатылымы төмендеп, электр қуатымен жүретін көліктерді пайдалануға толық көшеді.

Бұл шара қоршаған ортаны ластау бойынша әлемдегі үшінші ірі аймақ саналатын ЕО-ның климаттық саясаты аясында жүзеге асады.

Айта кетсек, Еуропа экономикасында автомобиль өнеркәсібі маңызды рөл атқарады, оның үлесіне ЖІӨ-нің 7%-ы тиесілі және 14,6 млн адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ көлік - парникті газ шығарындыларының өсуіне ықпал етіп отырған жалғыз сала.

2017 жылы көмірқышқыл газы шығарындыларының 21%-ы жол көлік құралдарына тиесілі болған. Енді Еуропа одағының құрамына кірмейтін Ұлыбритания өткен жылы 2030 жылдан бастап жаңа бензин мен дизельді көліктерді сатуға тыйым салатынын жариялады, ал жаңа гибридтер 2035 жылға дейін сатыла береді.