Президент • 09 Маусым, 2022

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директорын қабылдады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев шикізат тауарларының саудасы бойынша әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі, Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директорын қабылдады

Кездесуде экономиканы көміртегінен арылтудың өзекті мәселелері, компанияның Қазақстан тау-кен-металлургия және энергетика салаларындағы жекелеген аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы экологиялық нормаларды сақтаудың, өндіріске озық технологияларды енгізудің маңызды екеніне баса мән берді.

Бас директор Гэри Нейгл Президентке Glencore компаниясының Қазақстандағы жұмысының нәтижелері мен алдағы жоспары туралы айтты.

Аяна Тоғанбек