Аймақтар • 10 Маусым, 2022

Шекарашылар Каспий теңізіне батып бара жатқан ер адамды құтқарды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 маусымда теңіз шекарашылары Кендірлі ауылы маңында жағалаудан шамамен 2 мың метр қашықтықта жауынгерлік қызметті атқарып жүріп, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Lada басылымына сілтеме жасап.

Шекарашылар Каспий теңізіне батып бара жатқан ер адамды құтқарды

Ер адам жағадан алыс жүзіп шыға алмаған. Ағыс оны одан әрі теңізге алып кеткен.

Суға батып бара жатқан адамды шекарашылар байқап, құтқарып қалған.

«Ер адам бортқа шығарылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», деді шекара кемесінің командирі.

Шекарашылар құтқарылған адамды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлеріне тапсырған.