Аймақтар • 10 Маусым, 2022

Байқоңырда 50 пәтерлі 5 тұрғын үй салынып жатыр

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңыр қаласындағы жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұлдызды қалашықтағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын бақылап көрді, деп жазады Egemen.kz Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Байқоңырда 50 пәтерлі 5 тұрғын үй салынып жатыр

Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 372,6 шаршы метрді құрайды.

ошоол

Құрылыс барысын саралаған аймақ басшысы мердігер компанияға пәтерлерді уақытында тапсырып, жұмысты сапалы орындау керектігін қаперге салды.

Айта кетейік, Байқоңырда 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үй пайдалануға берілген.