Баскетболдың бұл түрі үміткерлерге не береді?
Қазақстандықтардың Олимпиадаларда жарқырай көзге түсуіне тағы бір мүмкіндік туып тұр. Ол үшін бүгінгі таңда елімізде көше баскетболын жүйелі түрде жаңғырту қажет. Өйткені, спорттың осынау түрі жасөспірімдер арасында өтетін Олимпия ойындарына кірді. Биыл бірінші рет Қазақстан стритболшылар құрамасы 18-26 тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін жасөспірімдердің жазғы Олимпия ойындарына қатысатын болады. Ендігі жерде еліміздің әр қиырындағы кәсіпқой баскетболшылар мен әуесқойлар құрған Қазақстан стритбол лигасы (SLK) көше баскетболын әлемдік деңгейге көтеруге күш салуда. Және бұл осы уақытқа дейін жүйелі түрде жасалған жұмыстардың жалғасы деп білу керек. Сонымен, елдегі стритболды орнынан қозғап, Олимпия ойындары дәрежесіне дейін көтеру мен қаржыландыру үшін кешенді шаралар атқарыла бастады. Халықаралық стритбол федерациясымен (FIBA 3x3) жасалынған жұмыстардың алғашқы нәтижесі бар. Сонымен, алғашқы FIBA 3x3 стритболы ережелеріне сәйкес тұңғыш іріктеу ойындары Алматыда 19 сәуірде басталып та кетті. Турнирге 1996-1997 жылы туған, спорт мектептеріндегі, спорт секциялары мен аулалардағы әуесқой баскетбол ойындарына қатысып жүрген 16 команда қатысып, бірінші орынды – «Т.И.М.А.», екінші орынды – «Джазмендер», үшінші орынды – «Почти за 2 метра» командалары жеңіп алды. Мұндай турнир енді мамыр айында Ақтау қаласында, маусым айында Астанада өтеді. Қазақстан стритбол лигасы алдағы уақытта ай сайын, ең кемі бір қалада спортты сүйетіндердің жасына, жынысына, кәсіпқойлығы мен бойына, әлеуметтік мәртебесіне бөлмейтін спорттың осынау, ең демократиялық түрі бойынша турнирлер өткізуді көздеп отыр. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. –––––––––––––– Суретте: Алматыдағы іріктеу турнирі.200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
