23 Сәуір, 2014

Болашақ бүгіннен басталады

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Иордания университетінің ректоры, профессор Эхлейф Тарау­неден хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында Э.Тарауне «Қа­зақстан-2050» Стратегиясындағы елдің болашақ дамуына деген көзқарасты зор қызығушылықпен зерделегенін айтады. «Бұл құжатта көрініс тапқан Сіз­дің жаңа идеяларыңыз көре­­ген әрі инновациялық жоспар­лар­мен толыға түскен, онда айқын әрі нақты мақсаттар қойыл­ған. Ин­новациялық индустрия­лан­дыруға, ауыл шаруашылығына, ғылымға бейімделген экономикаға, энергияны тиімді пайдалануға және адами ресурстар үшін инвестиция жұмсауға ерекше көңіл бөле отырып,  Қазақстан қазіргі әлемде көптеген түйткілдерді шешудің өте жақсы үлгісін көрсетіп келеді. Бұл ретте халқының барлығы бірдей өсіп-өркендей алатын, жан-жақты дамыған қоғамда ғана экономикалық табыс мүмкін екені де назардан тыс қалмаған», деп жазады автор. Сондай-ақ,  профессор Стра­те­гия­ның прагматизмі мен іскерлік рухы бүкіл әлемдегі көптеген адам­ның ынтасын оятуға тиіс деген пікірін білдірген. «Осындай құжаттарды көп­те­ген үкіметтер қабылдаса, тамаша болар еді. Стратегиямен танысу барысында мен баяндаудың айқын­дығы мен нақтылығына, сондай-ақ, ғасыр ортасы таяп қалғаны дер кезінде қаперге салынғанына тән­ті болдым. Бәріміз болашақтың бүгіннен басталатынын сезінуге тиіспіз», делінген хатта.