Естеріңізге сала кетейік, былтыр қараша айында аммофос бағасы 35%-ке шарықтап кетті. Ал биыл қаңтар айында тыңайтқыш бағасы 185 мың теңгеге жетті. Құзырлы органдар жүргізген тексеруден кейін аммофос тоннасына 173 мың теңгеге дейін төмендеді.
Сондай-ақ компания бұрынғы және қазіргі баға арасындағы айырмашылықты төлеуді бастаған. Оның жалпы көлемі 2,8 млрд теңге болып отыр.