Әлем • 10 Маусым, 2022

АҚШ-тағы зауытта атыс болды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Мэриленд штаты Смитсбург қаласында орналасқан Columbia Machine зауытында атыс салдарынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz NBC телеарнасына сілтеме жасап.

АҚШ-тағы зауытта атыс болды

Телеарнаның хабарлауынша, тағы бір адам жарақат алып, ауыр халде ауруханаға түскен. Атыс құрбандарының нақты кімдер екені анықталған жоқ.

Associated Press мәліметтері бойынша, қаскүнем зауыттан автокөлікпен қашып кеткен.

Оны зауыттан сегіз шақырым жерде патруль тоқтатқан. Ол тәртіп сақшыларына оқ жаудырып, қашуға тырысқан. Атыс салдарынан тәртіп сақшысы жеңіл жарақат алды, ал күдіктінің жағдайы белгісіз. Бірақ ол ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.