Аймақтар • 11 Маусым, 2022

Жамбыл облысында алтын рудасын ұрламақ болғандар ұсталды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында үш адам өнеркәсіптік компанияның шахтасынан алтын рудасын ұрламақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында алтын рудасын ұрламақ болғандар ұсталды

Оқиға туралы полиция бөліміне осы кәсіпорынның қызметкерлері хабарлады. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз тұлғалар компанияның күзетілетін аумағына кіріп, тереңдігі 100 метр шахтаға түсіп, құрамында алтын бар үш қап кен ұрламақ болған.

Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 45 және 46 жастағы екі ер адамды ұстады.

Күдіктілер Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35