Тағайындау • 11 Маусым, 2022

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың кандидатурасын 106 депутат қолдады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Талдықорған қаласына барып, Жетісу облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың кандидатурасын 106 депутат қолдады

Үкімет басшысы депутаттарға ҚР Президентінің Жетісу облысының әкімі лауазымына Бейбіт Исабаев пен Бағдат Қарасаевтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беруге 141 депутат қатысты. 106 депутат Бейбіт Исабаевтың кандидатурасына, 35 депутат Бағдат Қарасаевқа дауыс берді.

.

.

.