Тағайындау • 11 Маусым, 2022

Президент Әкімшілігінің басшысы Абай облысының жаңа әкімін таныстырды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу бүгінгі жұмыс сапары аясында Семей қаласына барып, өңірдің барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігінің басшысы Абай облысының жаңа әкімін таныстырды

Мұрат Нұртілеу Абай облысының әкімі лауазымына Уранхаев Нұрлан Тельманұлы мен Смайылов Асхат Сайдахметұлының кандидатураларын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смайыловқа, 89 депутат Нұрлан Уранхаевқа дауыс берді.

.

Президент Әкімшілігінің басшысы жаңадан құрылған облыстың әкімін таныстыра келе, Нұрлан Уранхаевтың Семей қаласында дүниеге келгенін және оның жауапты басқарушылық қызметтерде тәжірибесі мол екенін атап өтті.

Мұрат Нұртілеу облысқа қазақтың ұлы ақыны Абай есімінің берілуі халықтың рухын көтеретін тарихи әрі әділ шешім болғанын айтты.

.

Кездесу соңында Мұрат Нұртілеу Нұрлан Уранхаевқа облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген міндеттерді абыроймен атқаруды тіледі.