Қазақстан • 11 Маусым, 2022

Қазақстанның Қорғаныс министрі АҚШ генералы Майкл Курилламен кездесті

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов АҚШ генералы Майкл Курилламен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Қорғаныс министрі АҚШ генералы Майкл Курилламен кездесті

Ведомствоның мәліметінше, отырыс хаттамалық тәртіпте өткен. 

Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Оның ішінде Ауғанстандағы жағдай да бар.

Генерал Майкл Курилла АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы. Бұған дейін Солтүстік Каролинадағы АҚШ армиясының XVIII әуе-десанттық корпусын басқарған.

Ол АҚШ-тың Ирактағы операцияларына қатысып, 2005 жылы Мосулда жараланған. Барак Обаманың президенттігі кезінде Курилла біраз уақыт Америка Құрама Штаттарының арнайы күштерін басқарып, Ирак пен Ауғанстанда лаңкестікке қарсы операцияларды ұйымдастырған.