Қазақстан • 11 Маусым, 2022

Қазақ дипломатиясының ардагері Уәлихан Қоңырбаев қайтыс болды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан дипломатиясының ардагері Уәлихан Қоңырбаев қайтыс болды,  деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ дипломатиясының ардагері Уәлихан Қоңырбаев қайтыс болды

«2022 жылғы 10 маусымда мемлекет қайраткері, қазақ дипломатиясының ардагері Уәлихан Сиянбекұлы Қоңырбаевтың дүниеден өткенін хабарлаймыз.

Ұзақ жылдар бойы қоғамға қызмет етіп, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде Қазақстанның Моңғолиядағы дипломатиялық миссиясын лайықты басқарды. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланып, қызмет атқарды. Тәуелсіз мемлекет пен оның дипломатиялық бөлімінің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосты.

Уәлихан Сиянбекұлы өзінің жоғары кәсіби біліктілігі мен тамаша адами қасиеттерінің арқасында үлкен және кіші әріптестерінің шынайы құрметіне бөленді», делінген СІМ хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар