Елорда • 11 Маусым, 2022

Елордадағы жаңа мешіт маңы кейін мәуелі баққа айналмақ

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы жаңа мешіттің алдында қоғамдық кеңістік ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы жаңа мешіт маңы кейін мәуелі баққа айналмақ

«Жаңа мешіттің кіреберіс аллеясының алдында қоғамдық кеңістік ашылады. Қазір бұл жерде аббаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл қоғамдық кеңістік қала тұрғындары мен қонақтары үшін уақытты тиімді өткізуге болатын тартымды орындардың біріне айналады», дейді әкім.

.

Аталған кеңістік Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары және Сауран, Хусейн Бен Талал көшелерінің бойында орналасқан.

«Орталық аллеяда ұзындығы 300 метр болатын субұрқақ орналасқан, көлеңкелі шатырлар, шағын сәулет нысандары орнатылады әрі маңайы ауқымды түрде көгалдандырылады. Жаяу серуендеу, демалысты тыныш орында өткізу жағдайы, көлік тұрақтары және басқалары қарастырылған. Жыл сайын аумақты қосымша көгалдандырып, қоғамдық кеңістікті жақсартатын боламыз. Ол кезең-кезеңімен абаттандырылған үлкен саябаққа айналады», дейді Алтай Көлгінов.

.

Сондай-ақ, шаһар басшысы мешіт туралы да ақпарат берді. Айтуынша, бұл еліміздегі және Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып есептеледі. Негізгі күмбезінің биіктігі – 90 метр, мұнаралары – 130 метр. Мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға арналған. Мешіттің құрылысы демеушілік қаражат есебінен жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35