Елорда • 11 Маусым, 2022

Астанада автокөлік тонаушы ұсталды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері көлік тонаушыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада автокөлік тонаушы ұсталды

Түнгі уақытта Ақан сері көшесіндегі үйлердің ауласында жүрген күдікті көліктердің тұтқаларын тартып, есігі ашық қалған автоны іздеген. Бейнебақылау камералары ер адамның «ВАЗ 2114» автокөлігінің салонында ұрлық жасағанын тіркеген. Ол автокөлікке ашық қалған жүк салғышы арқылы кіріп, «Ксиоми» ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық ПБ жедел уәкілдері ұрыны ұстады. Қолды болған телефон тәркіленді. Аталған факті бойынша бұрын тонау үшін сотталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көлік құралдарының иелеріне ұры-қарыдан сақтану амалдарын қабылдауға кеңес береді.