Әлем • 11 Маусым, 2022

Польшада алғаш рет маймыл шешегі тіркелді

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшада алғаш рет маймыл шешегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz euronews-қа сілтеме жасап.

Польшада алғаш рет маймыл шешегі тіркелді

Польша денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский елде Еуропада сирек кездесетін маймыл шешегі дертінің тіркелгенін айтты.

Адам Недзельский сөзіне қарағанда маймыл шешегіне қатысты шамамен 10-ға жуық жағдай тексеріліп жатыр.

Айта кетсек, бір ай бұрын Пирен түбегі мен Біріккен Королдікте анықталған сирек дерт Еуропаның 20-ға жуық еліне таралып үлгерді. Кәрі құрлық елдері ішінде Ұлыбритания (302 жағдай), Испания (198) және Португалияда (153 жағдай) жұқпалы ауру жылдам тарауда.