Аймақтар • 12 Маусым, 2022

Шымкентте ұлан сарбаздары төбелеске балтамен шыққан адамды ұстады

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары біреуге балта сілтеп, өлтіремін деп қорқытқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте ұлан сарбаздары төбелеске балтамен шыққан адамды ұстады

Оқиға Шымкент қаласының «Шығыс» шағын ауданында болған. Патрульдік қызмет кезінде әскери жасақ екі адамның жанжалдасып жатқанын байқайды. Жандарына жақындаған кезде біреуі екіншісіне балтамен ұмтылған.

«Біз патрульдік бағытты айналып өтіп, екі тұрғынның қоғамдық тыныштықты бұзып жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады. Араласуға тура келді», дейді патрульдік топтың бастығы, аға лейтенант Оразхан Орынбасар.

Тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25