Аймақтар • 12 Маусым, 2022

Атырау тұрғындары қаптаған маса кесірінен көшеге шығудан қалған

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалада масаларды жоюға 70 млн теңге бөлінді. Алты бригада дезинфекциялау жұмыстарымен айналысады, бірақ азаматтардан келіп түсіп жатқан шағым көп болғандықтан, 10 бригада шығаруға тура келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау тұрғындары қаптаған маса кесірінен көшеге шығудан қалған

Кешке көшеге шықсаңыз, масаға таланбай қайтуыңыз мүмкін емес, деп шағымданады Атырау тұрғындары. Бұл туралы «Мой город» хабарлайды.

Жадыра есімді тұрғын көшеге қажет болған жағдайда ғана шығатынын айтады.

Атырау қалалық әкімдігінің мәліметінше, қалада масаларды жоюға 70 млн теңге бөлінген.

Дезинфекция жөніндегі іс-шаралар бірінші кезекте қаладағы 1100-ден астам көп пәтерлі үйлердің жертөлелері мен кіреберістеріне, балалар алаңдары мен автобус аялдамаларына, саябақтарда, сондай-ақ қала маңындағы ауылдарға қатысты жүргізіледі.

Қазіргі уақытта масалардың көбеюіне байланысты жәндіктермен күресу үшін шұғыл шаралар қабылданды, бұрын қолданылған химикаттар басқасымен ауыстырылды. Алты бригада дезинфекциямен айналысады, бірақ азаматтардан келіп түсіп жатқан шағым көп болғандықтан, 10 бригада шығарайық деп отырмыз», деді Атырау қалалық әкімдігі

Сондай-ақ, әкімдіктегілер тендер бойынша масалар мен шыбын-шіркейлердің көзін жоятын мердігер анықталып қойғанын жеткізді.