Елорда • 12 Маусым, 2022

Елорда тұрғыны полицейге қарақшыны ұстауға көмектесті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейге қарақшыны ұстауға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны полицейге қарақшыны ұстауға көмектесті

Полиция мәліметінше, Ғабдулин көшесінде ер адам 61 жастағы әйелге шабуыл жасап, әмиянын тартып алған. Куәгер 37 жастағы елорда тұрғыны Қанағат Хасенов болған. Ол жәбірленуші тоналғанын бірден түсінген. Сөйтіп, ол қарақшыға қарай жүгірген.

«Әйелдің көмек сұраған айқайын естідім. Артқа бұрылып қарасам, Отырар көшесіне қарай жүгіріп бара жатқан адамды көрсетіп тұр екен. Бірден қарақшының соңынан жүгірдім», деді Қанағат.

Ол қуып жетіп, ер адамды жерге құлатқан. Алайда шабуылдаушы қарсы тұрған.

Бұл уақытта «Байқоңыр» ауданының учаскелік полиция инспекторы Руслан Әбілқайыров өзінің әкімшілік учаскесін аралап жүрген. Көшедегі төбелес оның назарын аударған, осылайша ол жанжалға араласқан. Сөйтіп, полицей күдіктіні ұстаған.

Қазір күдікті Нұр-Сұлтан ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдікті жәбірленушіні бақылап, кейін әйелдің айырбастау пунктінде ақша ауыстырғанын көргені анықталған. Сондай-ақ, 31 жастағы ер адамның бұрын сотталғаны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20