Аймақтар • 12 Маусым, 2022

Алматыда жасөспірім Есентай өзенінен құтқарылды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда арнайы жедел әрекет ету отрядының жаяу патруль жауынгері 14 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жасөспірім Есентай өзенінен құтқарылды

Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы Роман достарымен бірге Есентай өзенінің жағасында болған.

Бала парапет арқылы қарсы жағаға өтуге тырысқан. Бірақ, өкінішке қарай, сүрініп кетіп, суға құлаған. Осы кезде оқиға орнында арнайы жедел әрекет ету отрядының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев бастаған жаяу отряд тәртіп сақшыларының кезекшілігін атқарып жүрген. 

Батып бара жатқан баланы көріп, аға лейтенант Тортай бірден суға секірген. Баланың жағдайы жақсы. Ол ата-анасына тапсырылған.