Қаржы • 13 Маусым, 2022

Жөнсіз жұмсау тыйылмай тұр

284 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова әртүрлі инс­титут арқылы несие беруді тоқтату жөніндегі ұсынысын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, былтыр мемлекет сондай институттар көмегімен 390 млрд теңге қарыз таратқан. Алайда сол ақшаның басым бөлігі кері қайтпады.

Жөнсіз жұмсау тыйылмай тұр

«Тек шамалы үлесі ғана нақ­ты өндіріс құруға мүмкіндік бе­ре­ді. Одан да екінші деңгейлі банк­тердің мөлшерлемесін, со­ның ішінде ұзақ мерзімді несие­лер бойынша да мөлшерлемені субсидиялау дұрыс емес пе? Же­ңілдетілген несиелеудің ор­нына ставканы субсидиялау­ды енгізсек, мемлекеттік қо­л­­­дау ауқымы 5 есе артады. Ұсы­­­­­­нылып отырған тәсіл эко­но­­­­миканың шикізаттық емес сек­торын дамытуға, отандық тауарлар өндірісінің өсімін кө­бей­туге жағдай жасайды», деді Н.Годунова.

Комитет басшысының мә­лім­­деуінше, қазір біраз ұлт­тық жобалардың мемле­кет­тік бағдарламаларды алмас­тырғанын, алайда одан ештеңе­нің де өзгере қоймағанын айтады.

«Жобалық басқарудың не­гіз­гі принциптері сақтал­май­ды. Қар­жы­ландыру қажет­ті­ліктің тек 57 пайызын құрап отыр. Қажетті деңгейдегі қар­жыландыру жоқ, демек нәти­же сұрауға да мо­раль­дық құқық болмауы керек. Іс-шаралар то­лық пысық­тал­маған, тиісінше орталық пен өңірлер арасында үйлесім жоқ. Орталық мем­ле­кеттік ор­ган­дардың ше­шім қабылдауы мен оның адам­дарға сезілуі арасындағы уа­қыт тым ұзақ. Бюджеттің мил­­лиардтаған қара­жаты желге ұшып жатыр. Қазір эко­но­ми­каның біртіндеп жақ­са­ру­ы енді ғана шағын және орта бизнеске жағымды әсер етуде. Ал көптеген қазақстандықтың өмір сүру деңгейі әзірге көте­рі­ле­тін емес. Сірә, инфляция салдарынан. Азаматтардың еңбек қыз­ме­тінен алатын табыс үлесі тө­мендеп, әлеуметтік транс­ферт­­терге деген тәуелділігі артып барады. Қазір халықтың көпшілігі мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Тамақтану өнімдері тұты­нушылық шығындар құры­лы­мының жартысынан астамын құрап отыр», дейді Н.Годунова.

Ол – тұтынушылық шығын­дар­ды өтеу үшін, былай айтқанда ішіп-жеу үшін халық несиеге бата бастағанын айтады. Жеке тұлғалардың ипотекаларының өсімі – 38, тұтынушылық мақ­сат­­та­ғы несиелері 40 пайыз­ға же­тіп отыр. Бұл бүкіл эконо­ми­каға берілген кредиттің үш­тен бірі екен.

Телеграмдағы Risk Takers каналының сарапшысы Н.Году­но­ваның бұл ұсынысына қолдау танытқан.

«Тиімсіз басқару фактілері бірнеше рет жария болды. Біздің «Қазагро» және «Аграрлық несие корпорациясы» туралы алдыңғы посттарымыз соған дәлел. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі агросектор үшін арнайы мемлекеттік банк құруға қатысты да пікір білдірген. Олардың пікіріне сүйенсек, қаржы нарығында онсыз да коммерциялық банк­тер де, экономика секторларын несиелеу үшін түрлі даму инс­­титуттары да бар. Біз де же­ңіл­детілген бағдарламалар мен жаңа мемлекеттік банктерді кө­бей­те беруге қажеттілік жоқ деп санаймыз», деп жазады канал.