Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы іріктеу кезеңінің соңғы ойынын сырт алаңда Түркия футболшыларымен өткізіп, аса тартысты өткен ойында тең ойнап (0:0), бір ұпайды қоржынға салды. Ойынның 58-минутында «Қайраттың» қорғаушысы Дамир Қасаболат алаңнан қуылды. Матчтың соңына дейін жігерлілік танытқан Қазақстан жастар құрамасы тең есепті сақтап қалды.
I тобында өнер көрсеткен біздің жігіттер сегіз ойында екі ұпай жинап, бес құраманың ішінде соңғы орынға тұрақтады. Ал 20 ұпайы бар Бельгия футболшылары бірінші орынмен Еуропа чемпионатына жолдама алды.