Ең дамыған 30 елдің қатарына ену 7 түрлі бағыттағы мәселелердің шешіліп, мақсаттардың іске асырылуынсыз орындалмайды. Сондықтан да, алдымызда алар асулар аз емес.
Мемлекет басшысы атап өткен асулардың бірі – инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу үшін дәстүрлі өндіруші сектор тиімділігін арттыру, расында да, өте маңызды. Осы кезге дейін елімізде бұл салада 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Мысалы, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру барысында тілге тиек етерлік көптеген іс-шаралар атқаруда. Қазіргі кезде елімізде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ негізінде екі халықаралық трансферт орталығы, бес әртүрлі саладағы конструкторлық бюролар, жеті «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы ұйымдастырылып, жұмыс істеуде.
Мен Президент қамқорлығымен жүзеге асып келе жатқан «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен қазір Польшаның Варшава политехникалық институтының өндірістік инжинерия факультетінде, «Машина жасау» мамандығы бойынша 4-ші курста білім алудамын.
Жасыратыны жоқ, Қазақстанның өндіріс саласында бәсекеге қабілеттілігі қазірше төмен. Сондықтан, Елбасы өз Жолдауында айтқандай, «Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру» арқылы ғылым мен өндірісті ұштастыра білуіміз керек деп ойлаймын. Ол үшін жоғарыда айтылған ірі технологиялық парктердің жұмысын барынша жақсартуымыз керек.
Менің өз еліме деген қосар үлесіме келсек, шетелде алған білімімді келешекте еліміздің өндіріс саласын дамытуға, соңғы жетілдірілген технологиялармен жұмыс жасауға жұмсамақпын. «Қуатты Ел» ұлттық идеясын жүрегіме ту етіп, еліміздің ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етіп, теңіздің тамшысындай болса да үлес қосу менің азаматтық борышым деп білемін. Ал теңіз тамшыдан құралмай ма, ағайын!?
Аяз ЖАМАЛБЕКОВ.
Польша,
Варшава.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше