Жалпы, полиция қызметіне бақылау жасайтын қоғамдық кеңес қызметі жиі өткізіліп тұрады. Өйткені, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында: «погон таққан адамдарға үлкен міндет жүктелгендіктен олар мінсіз тәртібімен және өз ісінің жоғары кәсібилігімен ерекшеленіп тұруы керек», – деген еді. Міне, кеше өткен кеңесте Президенттің осы сөзін еске салған қоғамдық кеңес төрағасы, қалалық мәслихат депутаты А.Байгенжин кез келген полиция қызметкерінен азаматтар қорғаушысы мен көмекшісін көруі керек, деп атап айтты.
Кеңес жұмысы барысында Астана қаласы ІІД жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылық жағдайы және жемқорлықтың жолын кесуде атқарылатын шаралар талқыланды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Астана қаласы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі С.Досов Астана қаласы ІІД бөлімшелеріндегі жемқорлықтың жолын кесу, заңдылықтың бұзылуының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірибелік кешенін жүзеге асыру туралы баяндады. Сол сияқты ІІД Кадр жұмысы басқарма бастығы А.Харулин жемқорлыққа қарсы күресте атқарылып жатқан шаралар жайында баяндап, міндет полиция қатарын ішкі істер органдары қызметкерлерінің абыройына нұқсан келтіретін тұлғалардан тазарту екендігін баса көрсетті.
Елордалық полиция басшысы А.Әубәкіров ІІД қатарында күнделікті қызметте астаналықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген өз ісінің кәсіби шеберлері көптеп саналады. Олар аса қауіпті қылмыскерлерді ұстауда өз өмірін қауіпке тіге отырып, азаматтардың амандығын қалайтын және оттан да, судан да аман алып қала алатын нағыз қас батырлар, деді. Осы орайда жемқорлықты болдырмау мақсатында республикада ең алғашқылардың бірі болып ІІД қызметінің қатарына жаңадан қабылданған қызметкерлерді полиграфологиялық зеттеуден өткізуді Астана қаласы ІІД қолға алғанын атап өту қажет.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше