Қазақстан • 13 Маусым, 2022

Елімізде дизельдік отын қымбаттады

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бір жылда бензин 5%-ға, дизельдік отын бірден 42%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде дизельдік отын қымбаттады

«2022 жылдың мамыр айының соңында бензин бағасы өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 4,7%-ға қымбаттады. Тиісті кезеңдегі өсім үшінші жыл қатарынан байқалады. Дизельдік отын бағасы бірден 41,5%-ға қымбаттап, екі жыл қатарынан арзандау байқалды», деп жазды energyprom.kz.

Сонымен қатар бір жылда жазғы дизель отыны 24,6%-ға, АИ-98 маркалы бензин – 9,6%-ға, АИ-95/96 – 9,1%-ға, АИ-92 – 4,2%-ға қымбаттады.

Осы жылдың мамыр айында АИ-92 маркалы бензиннің орташа бөлшек сауда бағасы литріне 178 теңгені, АИ-95/96 литріне 210 теңгені, АИ-98 литріне 232 теңгені, жазғы дизель отынының литріне 234 теңгені құрады. 

Аяна Тоғанбек