Бұл күні оқу орнының бас ғимаратының алды әдеттегіден ерекше күйге енді. Жағалай киіз үйлер тігіліп, айшықты безендірілген. Күмбірлеген күй мен қазақы әуезді әуен Алматы аспанында әуелеп тұрды. Наурыз тойының шымылдығын университеттің халық аспаптар ансамблі «Ата толғауы» күйімен ашса, «Табиғаттың оянуы» қойылымы мен ел бірлігін, берекесін, тыныштығын тілеген Қыдыр атаның батасы да жиналған қауымның еңсесін бір көтеріп тастады.
– Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған азаттық пен еркіндік бүгінгі ұрпақтың еншісіне тиді, – деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов салтанатты жиынды ашып. Тәуелсіздік – біз үшін ең қасиетті құндылық. Осы құндылық арқылы бізге төл дәстүріміз, мәдениетіміз бен тіліміз, ең асыл мерекеміз наурыз тойы қайта оралды. Бүгінде егемендігіміздің арқасында еліміз елеулі жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде қазіргі Қазақстан бүкіл әлем мойындаған мемлекетке айналды. Қазақ ұлттық аграрлық университеті бұл күндері аграрлық сала мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістеме орталығы, үздіксіз аграрлық білім беруді дамыту, фермерлердің біліктілігін арттыру орталығы, академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша үйлестіруші болып табылады. Сондай-ақ, университет әлемнің 300-ден астам аграрлық жоғары оқу орындарын біріктіретін Жаhандық консорциум мүшесі. Бұған қоса құрамына «ҚазАгро» ұлттық холдингі, ҚР Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, ұлттық, трансұлттық компаниялар кіретін Аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумы құрылған. Бұл ретте университетіміз жаңғырту, инновация, ғылым мен өндірістің интеграциясы және халықтың әл-ауқаты сынды мемлекет анықтап берген төрт бағытты ұстануда.
Наурыз тойында оқу орнының жанынан құрылған «Гүлбану» ән-би ансамблі мен талантты ұстаздар мен оқытушылар да өнерлерін ортаға салды. Бұған қоса ең дәмді наурыз көже дайындап, ұлттық киімдердің озық үлгісін көрсеткен факультеттер мен университеттің өзге де құрылымдық бөлімшелеріне тиісті дәрежедегі марапаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мереке барысында қонақтар арнайы тігілген қазақи үйлер мен ақ дастарқан басында университет ұжымы әзірлеген наурыз көжеден дәм татты.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
–––––––––––––
Суретті түсірген М.Ботабеков.

Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Байқау • Бүгін, 08:59
«Қала хикаялары» байқауы жарияланды
Байқау • Бүгін, 08:58
Көлсай – таңғажайып табиғат тартуы
Туризм • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Османлы сұлтанымен кездескен қазақ
Тарих • Бүгін, 08:50
Тілсіз жауға – тегеурінді тосқауыл
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Өнер • Бүгін, 08:45
Өскеменде өнімдер көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Шығанақ тарысы: Тарих пен тағылым
Зерде • Бүгін, 08:40
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Теңге • Бүгін, 08:37
Талғат Есенәлиев: Технология театрдың мүмкіндігін кеңейтеді
Сұхбат • Бүгін, 08:35
Туризм • Бүгін, 08:33
Тұлға • Бүгін, 08:30
Атырауда BMW көлігі бағанға соғылып, екі жолаушы зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 08:27