Тағайындау • 13 Маусым, 2022

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

1038 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының м.а. болып бастады.

2001-2005 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2005-2018 жылдары — «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.

2018-2020 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі инспекторының м.а., инспекторы — Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі.

2020 жылғы қарашадан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі — Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.