«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын орындау мақсатында Сыртқы істер министрлігінің басшылығы консультативтік-кеңесші органдардың санын 11-ден 6-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл шаралар министрлік қызметінің тиімділігі мен жеделдігін арттыруға бағытталған», деп жазылған ақпарат көзінде.
Сыртқы істер министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың тізілімі:
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия – төрағасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Б.Қоныспаев.
- СІМ жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес – төрағасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А.Айдаров.
- СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес – «Қоғамдық кеңестер туралы» заңнамада көзделген тәртіппен сайлау рәсімі жүргізіледі.
- СІМ Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы – «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар мәліметтер.
- Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия – төрағасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары А.А.Рахметуллин.
- Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссиясы – төрағасы Сыртқы істер министрі М.Б.Тілеуберді.