Экономика • 14 Маусым, 2022

ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтті

455 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 94-отырысы өтті. Онда көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері қаралды. Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов төрағалық етті.

ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтті

Биыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығына Қазақстан төра­ғалық ететіні мәлім. Эконо­ми­калық кеңестің күн тәр­тібіне 15 мәселе енгізілді. Отырыс барысында қатысушылар туындаған проблемаларға ден қоюдың бірлескен шараларының тізбесін мақұлдады. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, құжатты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі экономикалық жағдайдың мониторингі бойынша сарапшылар тобы дайындаған. Ол сыртқы экономикалық қатерлерді нивелирлеу­ге, түрлі салалардағы өзара тиімді ынты­мақтастықты арттыруға бағытталған.

– Бүгінгі күрделі эконо­ми­калық жағдайда сауда-өнер­кәсіп палаталарының ынты­мақ­тастығы елдеріміздің кәсіп­керлік қоғамдастығына жәрдем­десуге тиіс. Атап айтқанда, сау­да және кооперациялық байла­ныс­тардың тұрақтылығын қамта­масыз етуде, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тапшылығын болдырмау, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қосымша резервтер іздеуде көмектесуі керек, – деді Б.Сұлтанов.

Сондай-ақ кеңес барысында сауда, қызмет көрсету және инвестициялар туралы келісімнің жобасын әзірлеу талқы­ланды. Бұл өзара сауда көлемін одан әрі арттыру үшін мүмкіндіктерді кеңей­туге ықпал ететін экономикалық салада­ғы маңызды құжат. Оны 2011 жылғы тауарлардың еркін сауда аймағы туралы келісіммен қатар тұр десе де болғандай.

Отырыс аясында 2019-2021 жылдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер палаталары басшылары кеңесінің қызметі туралы есеп берілді. Осы кеңестің төрағасы, Түрікменстан сау­да-өнеркәсіп палатасының тө­рағасы Довлатгелді Реджепов арнайы баяндама жасады. ТМД Атқарушы комитеті мен Кеңес арасында тығыз ынтымақтастық қалыптасқаны, іскерлік байланыстар орнатылғаны, жүргізіліп жатқан жұмыстарды өзара ақпараттандыру мен үйлестіру жолға қойылғаны атап өтілді.

Сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік мате­риалдық резервтерді басқа­руды жүзеге асыратын мемле­кеттік билік органдары басшы­ларының консультативтік кеңе­сінің төрағасы, Беларусь Респуб­ликасы Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық резервтер департаментінің бас­тығы Евгений Бондарь баяндама жасады. Ол 2017-2021 жылдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдары басшыларының консультативтік кеңесінің қыз­меті туралы ақпарат ұсынды.

ТМД елдері инновацияларды коммерцияландыру орталығын Қазақстанда орналастыру туралы шешім қабылдады. «ВЦ Кварта Астана» ЖШС 2030 жылға дейін қатысушы мем­лекет­тердің инновацияларды ком­мер­цияландыру орта­лығы болмақ. Орталық бағдарламаға қаты­сушы елдердің ұйымдарына ком­мер­ция­ландырудың жоға­ры әлеуеті бар бірлескен ғылы­ми зерттеулерді жүзеге асыру­ға жәрдемдесуге, коммерция­лан­­дырылатын иннова­ция­лық жобаларға ұйымдас­ты­ру­­шы­лық-құқықтық қол­дау көрсе­туге, сондай-ақ инно­вация­­лық жобаларға қатысу­шы­­­лар­­дың бағ­дарлама шең­бер­ін­де инно­ва­циялық инфра­құ­ры­лымның басқа су­бъек­ті­лерімен тиімді өзара іс-қи­мы­лын қам­тамасыз етуге арнал­ған.

Сонымен қатар отырыста ядролық авария немесе ра­диа­циялық авариялық жағдай туралы хабардар ету жөніндегі прак­тикалық шаралар, көмектің көлемі мен мазмұны бекітілді. Бұл шараларды іске асыру атом энергиясын бейбіт мақсат­тарда пайдалануға байланысты ықтимал оқыс оқиғалар жағ­дайында ТМД-ға қатысушы мем­лекеттердің өзара іс-қимы­лының тиімділігі мен жеделдігін арттыруға, олардың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұтастай ТМД кеңістігіндегі ядролық жә­не радиациялық қауіпсіздік дең­гейіне оң әсерін тигізеді.

Отырыс барысында 2021 жылғы ТМД-дағы сәулет және қала құрылысы жылы қоры­­тындыланды. Өткізілген іс-шаралар жайлы қалалық ортаны қалыптасты­рудың, «ақылды» қалаларды құру мен дамы­тудың, қалалық және коммуналдық инфра­құрылымда озық технологияларды пайдаланудың, сәулет саласындағы инно­ва­циялық шешімдердің заманауи мүм­кін­діктерімен таныстыруға ықп­ал еткені атап өтілді.

Сондай-ақ ТМД мемле­кет­­­тері­нің орман шаруашы­лығы және орман өнер­кәсібі сала­­сын­­дағы ынтымақтас­ты­ғы­ның 2025 жылға дейінгі негіз­гі ба­ғыт­тарын іске асыру жөніндегі екінші кезеңнің (2022-2025 жылдар) іс-шаралар жос­пары бекі­тілді. Құжат ТМД-ға қаты­сушы мемлекеттердің орман ша­руа­шылығын басқару органдары­ның орман өсірудегі, орманды қалпына келтірудегі және ор­ман пайдаланудағы ынтымақ­тастықты, сондай-ақ орман зиян­кес­тері мен ауруларына, транс­шекаралық табиғи өрттерге, ағаш­тың заңсыз айналымына қар­сы күрес жөніндегі іс-шара­лар­ды қамтиды.

Делегация басшылары Эко­номикалық кеңестің кезекті 95-ші отырысын 2022 жылғы 23 қыр­күйекте Мәскеуде өткізу туралы шешім қабылдады.