Спорт • 14 Маусым, 2022

Қоржында қос қола бар

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер ара­сындағы әлем чемпионатының ал­ғашқы екі күнінде қазақстандық спорт­шылар екі қола медаль жеңіп алды.

Қоржында қос қола бар

Әлемнің 40-қа жуық елінен келген 205 ауыр атлет 10 салмақ дәрежесі бойын­ша сынға түсіп жатыр. Әлемдік додада Қазақ­станның 9 (5 ер, 4 қыз) спортшысы да өнер көрсетуде. Жарыстың алғашқы күнін­де қыздар арасында 40 кило салмақта бақ сынаған Александра Беленко әлем чемпио­натының қола жүлдегері атанды. Қос сайыста 125 кило (55+70) зілтемірді көтерген отан­да­сымыз үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бас жүлдені колумбиялық Эстрада Велез (128 кг, 55+73) иеленсе, күміс жүлде үндіс­тандық Вявхаре Аканшаға бұйырды. Ол – 127 (59+68) килоны еңсерді.

Ал жарыстың екінші күнінде ерлер арасындағы сайыста 55 килодағы Ерасыл Омаров екі жаттығуда 224 (100+124) кило зілтемірді бағындырып, ел қоржынына екінші қола жүлдені салды. Алтынды Үндістан өкілі Гурунайду Санапатхи (230 кг, 124+126), күмісті Сауд Арабиясының спорт­шысы Али Маджиду олжалады – 229 кг (105+124).