Бокс • 14 Маусым, 2022

Есімдері Даңқ залына енді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстың шоқ жұлдызына айналған украиналық Владимир Клич­ко, америкалық кіші Флойд Мей­везер мен Рой Джонстың есімдері Халық­аралық бокс даңқы залына енді.

Есімдері Даңқ залына енді

1990 жылы ашылған Даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының іргесіндегі Канастоте елді мекенінде орналасқан. Бүгінде Даңқ залына әлемдік деңгейдегі 36 боксшы енген. Пандемия салдарынан тоқтап қалған бокс­шылардың есімін Халықаралық бокс даңқы залына енгізу рәсімі биыл қайта жалғасты.

Сөйтіп, биыл Даңқ залына ресми түрде 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының және кәсіпқой бокстың ауыр салмағындағы төрт тұжырымның чемпионы атанған Владимир Кличко, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері және кәсіпқой бокстағы әлемнің абсолютті чемпионы кіші Флойд Мейвезер мен жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Рой Джонстың есімдері енді.

Соңғы жаңалықтар