ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, оқиға 11 маусым күні Ертіс өзенінің Восточный кентінде болған.
«15 жастағы жасөспірім достарымен бірге рұқсат етілмеген жерде шомылған. Ағыны қатты өзенге сүңгіп кеткен ол қайта шыға алмады. Достары оны құтқаруға тырысқанымен еш нәтиже шықпаған. Көп ұзамай оқиға орнына сүңгуірлер келіп жетті. Алайда әлі күнге дейін марқұмның денесі табылмай жатыр», делінген ақпаратта.
Аяна Тоғанбек