Қаржы • 14 Маусым, 2022

Ұлттық банк жыл соңындағы инфляция деңгейіне болжам жасады

668 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық банк 2022 жылдың соңында инфляция 13-15% деңгейінде болады деп болжайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк жыл соңындағы инфляция деңгейіне болжам жасады

«Айлық инфляция сәуірдегі 2%-ға және наурыздағы 3,7%-ға қарағанда мамырда 1,4%-ға баяулады, бірақ әлі де жоғары және өткен жылғы көрсеткіштер мен орташа жылдық мәндерден асып отыр. Айлық инфляцияның баяулау қарқыны бір жағынан оң фискалдық импульс аясындағы тұрақты ішкі сұранысты, екінші жағынан жоғары инфляциялық күтулерді көрсетеді.

Жылдық мәнде 19%-ға жеткен тамақ өнімдері бағасының өсуі ең көп үлес қосып отыр. Сыртқы инфляциялық жағдай азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасына жоғары қысым көрсетіп отыр, олардың өсуі 11,1-ден 11,9%-ға дейін қарқын алды», деді Ғалымжан Пірматов.

Оның айтуынша, ақылы қызметтердің инфляциясы реттелетін қызметтер бағасының өсуіне енгізілген мораторийдің тежеуші әсеріне қарамастан 8,9-дан 9,1%-ға дейін өскен.

«Ұлттық банк 2022 жылдың соңында инфляция 13-15% деңгейінде болады деп болжайды. Болжам тұтыну нарықтарының теңгерімді дамуына назар аударылатын Үкіметтің инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру барысы ескеріле отырып жасалды. Осы шаралар кешені табысты іске асырылған кезде инфляция болжамның төменгі шегіне дейін төмендеуі мүмкін.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі біршама жеделдейді. Ол жанар-жағармай бағасы реттелетін өсіммен тежеледі. Ақылы қызметтердің инфляциясы 2021 жылдың жоғары базасына байланысты бәсеңдейді. Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының оларды көтеруге мораторий аяқталғаннан кейін қымбаттау тәуекелдерін, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер аясында нарықта көрсетілетін қызметтер бағасының өсуін атап өтеміз.

2023 жылы инфляция ақша-кредит саясаты саласында қабылданып отырған шаралар, сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі және іске асыру жоспарланып отырған контрциклдік бюджеттік қағида аясында біртіндеп 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды.

Ұлттық банк тәуекелдердің қазіргі балансын ескере отырып, биылғы 6 маусымда базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтады. Жаңа шоктар болмаған жағдайда базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейін сақтау орта мерзімді перспективада бағаның өсуін тежеуге әсер етеді», деді Ұлттық банк төрағасы.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024